Пациенттерді қолдау қызметі

Біздің медициналық ұйымда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес пациенттерді қолдау қызметі құрылған.

Егер сіздің:

  • медициналық көмек көрсету сапасына көңіліңіз толмаса;
  • стегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтері үшін медициналық қызметкерлердің қаражатты бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;
  • медицина қызметкерлерінің тарапынан дөрекі қатынасқа тап болсаңыз;
  • медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, пациенттерді қолдау қызметіне хабарласуға құқығыңыз бар.

 

Объективтілік пен ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңізді комиссия қарайды.

Сізге ыңғайлы болу үшін 1 қабаттағы кіреберісте орналасқан Өтініштер жәшігіне атыңызды, тегіңізді және байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз, сонымен қатар емхананың med.url@dev.medclinic.kz поштасына хабарласып, өтінішіңізді қалдыра аласыз.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарайды және күнтізбелік бес күннен кешіктірмей Сізге өтінішіңізді қарау нәтижелері туралы ақпарат береді.

 

Сондай-ақ мына телефондар бойынша:
28-01-69, +7 708 910 9541 – Whats App чаты немесе Уральская, 14, № 116 кабинет ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ кабинетіне жүгіне аласыз.