Анықтамалар

Төмендегі барлық анықтамаларды алу үшін пациенттің бағдары: 

Damumed қосымшасы арқылы учаскелік дәрігерге (педиатрға) қабылдауға жазылу немесе тіркеу бөліміне келіп, учаскелік дәрігерге (педиатрға) қабылдауға жазылу.

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз немесе туу туралы куәлік (0-15 жас аралығындағы балаларға) болуы керек.

 

– Амбулаторлық науқастың медициналық картасынан үзінді (№ 027/у нысаны):

Нозология мен ауырлық дәрежесіне байланысты жеке тексеру тағайындалады. Пациент тексеру нәтижелерін алғаннан кейін екінші тексеруге келеді және анализ нәтижелері бойынша анықтама беріледі. 

 

– Студенттің уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама (№ 037/у нысаны):

Пациентте жіті ауру болса:

  1. Пациент дәрігерді үйге шақыра алады (қарау, емдеу және нозологияға байланысты тексерулер тағайындау)
  2. Пациент емханаға өзі бара алады

Дәрігер пациентті қараған күні анықтама ашылады және екінші қабылдау тағайындалады. Толық сауығып кеткеннен кейін дәрігер анықтаманы қолға береді.

 

– Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (№ 026/у нысаны):

Қабылдау кезінде дәрігер анализдер тапсыруға жолдама береді.

Қандай анализдерді тапсыру керек?

  1. ЖҚА (жалпы қан анализі);
  2. ЖЗА (жалпы зәр анализі);
  3. гельминт жұмыртқаларына қырынды тапсыру.

Анализ нәтижелерін алғаннан кейін пациент екінші қабылдауға келеді, онда дәрігер тексеру жүргізіп қорытынды береді. Баланың денсаулық паспорты + эпидемиологиялық орта туралы анықтама толтырылады және қолға беріледі. 3 жұмыс күнін алады.

 

– Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама (031/у нысаны):

Учаскелік дәрігерге жүгіну керек, дәрігер еңбекке жарамсыздық парағын ашады, нозологияға байланысты тексеруді және бейінді мамандардан кеңес алуды тағайындайды.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Куәландырылатын адамның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер.
  2. № 033/у нысаны бойынша науқасты/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі, егер оны медициналық ұйым әзірлеген болса.
  3. Аурудың динамикасын талдау үшін амбулаториялық пациенттің медициналық картасынан мәліметтер. Бар болса, ауру тарихынан үзінді-көшірмелер, мамандардың қорытындылары және тексеру нәтижелері.
  4. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы (анықтамасы) – жұмыс істейтін адамдарды куәландыру кезінде (кемінде 120 күн).
  5. Алғашқы куәландыру кезінде еңбекке қабілетті жастағы адамдар үшін – еңбек қызметін растайтын құжат туралы мәліметтер (бар болса), ал өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурулар кезінде нысан бойынша өндірістегі еңбек сипаты мен жағдайлары туралы мәліметтер де ұсынылады (жұмыс беруші толтырады).
  6. Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін бастапқы анықтау кезінде – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын мәліметтер.
  7. ДӨндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адамдарға КЕА және (немесе) мүгедектіктің себебін белгілеу үшін КЕА дәрежесін алғашқы рет белгілеу кезінде – нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт.
  8. Кәсіптік ауруға шалдыққан адамдарды куәландырған кезде – кәсіптік ауру және улану диагнозын белгілеу (аурудың кәсіппен байланысын анықтау) кезінде сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы.
  9. Жаралануға, контузияға, жарақаттануға, мертігуге, ауруға байланысты мүгедектік себептерін анықтау үшін – себеп-салдарлық байланысын белгілейтін тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат туралы мәлімет.
  10. Қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеген кезде қорғаншылықты (қамқоршылықты) растайтын құжат туралы мәліметтер.
  11. Куәландырылатын адамның атын, әкесінің атын (бар болса), тегін өзгертуді мемлекеттік тіркеген жағдайда қайта куәландыру кезінде – нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы куәлік туралы мәліметтер.

 

– Денсаулық жағдайы туралы анықтама (027/у нысаны):

Егер пациент сау болса, созылмалы аурулармен есепте тұрмаса, бұл жағдайда дәрігер қабылдау кезінде анықтаманы бірден береді. Егер пациент созылмалы аурулардан зардап шегетін болса, онда аурудың нозологиясына байланысты тексеру тағайындалады. Тексеру нәтижелерін алғаннан кейін пациент екінші қабылдауға келеді, дәрігер қорытындыны қолға береді.

 

– Сауықтыру лагерiне баратын оқушының анықтамасы (№ 071/е нысаны):

Қабылдау кезінде дәрігер анализдер тапсыруға жолдама береді.

1.ЖҚА (жалпы қан анализі);

2.ЖЗА (жалпы зәр анализі);

3.Гельминт жұмыртқаларына қырынды тапсыру. 

Анализ нәтижелерін алғаннан кейін пациент екінші қабылдауға келеді, онда дәрігер тексеру жүргізеді, қорытынды береді + эпидемиологиялық орта туралы анықтама қолға беріледі.