Скринингтер

СКРИНИНГ — бұл қауіп факторлары мен ауруларды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау адамдарды (халықтың мақсатты тобын) алдын-ала медициналық тексеруден өткізу. Оны өткізу емдеудің тиімділігін арттырады және асқынулардың дамуының алдын алады.

Біздің емханада келесі скринингтер жүргізіледі:

  • қан айналымы жүйесі ауруларын (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы) және қант диабетін ерте анықтау үшін антропометриялық өлшемдер (бойы, дене салмағы, бел шеңбері), қан қысымын өлшеу, 40-70 жастағы ерлерждің және әйелдердің қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін анықтау өткізіледі;
  • глаукоманы (көзішілік қысымның жоғарылауын) ерте анықтау үшін көзішілік қысым 40-70 жастағы ерлер мен әйелдерде өлшенеді;
  • сүт безінің қатерлі ісігін және ісік алды жағдайларын ерте анықтау үшін 50-70 жас аралығындағы әйелдерге сүт бездерінің рентгендік зерттеуі (маммография) жүргізіледі;
  • жатыр мойнының қатерлі ісігін және ісік алды жағдайларын ерте анықтау үшін 30-70 жас аралығындағы әйелдерде патологиялық өзгерістерді жоққа шығару үшін жатыр мойнынан жағындыға цитологиялық зерттеу жүргізіледі;
  • тоқ ішектің және тік ішектің қатерлі ісігін және ісік алды ауруларын (тоқ ішек обыры) ерте анықтау үшін 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерде нәжісті жасырын қанға зерттеу жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда және көрсеткіштер бойынша электрокардиография, отбасылық денсаулық орталығында дәрігердің, кардиологтың, эндокринологтың, офтальмологтың, акушер-гинекологтың, маммологтың, онкологтың, хирургтың, проктологтың, гастроэнтерологтың, урологтың тексеруі жүргізіледі.

Скрининг Сіз тіркелген медициналық ұйымда жүргізіледі.

Егер Сізді скринингке шақырса, өтіңіз!

Егер сіз сәйкес жаста болсаңыз және 2 немесе одан да көп жыл бойы скринигтен өтпесеңіз, учаскеге жүгініңіз.