- Басты ›
- Egov арқылы емханаға тіркелу нұсқаулығы
Egov арқылы емханаға тіркелу нұсқаулығы
● Емханаға тіркелуге сұрау салуды жасау үшін egov.kz порталында (бір реттік құпиясөз енгізу немесе флеш картадағы ЭЦҚ-кілті арқылы) авторизациядан өту қажет.
● Сайттың басты бетінде «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдаңыз.
● «Медициналық көмек» қойындысында «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдаңыз.
● «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз
● «Қостанай қаласының № 5 емханасы» ЖШС және «Қостанай қаласының № 6 емханасы» ЖШС-не тіркелуге сұрау салуды жіберу үшін жасыл белгішемен * белгіленген барлық тармақтарды толтыру қажет.
● Сұрау салу сәтті жіберілгеннен кейін сіз «Сұрау салу өңделуде» мәртебесін көресіз. Өтініш 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңделеді.
Сондай-ақ Сіз тіркелу орталықтарында тіркелу процедурасынан өте аласыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз және ЭЦҚ болуы керек. Тіркелу орталықтарында Сізге ЭЦҚ алуға көмектесе алады.