- Басты ›
- Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
Жеңілдікті негізде препараттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ – 75 бұйрығына сәйкес беріледі.
Препараттар:
- Әлеуметтік маңызы бар аурулары бар пациенттерге.
- Диспансерлік есепте тұрған пациенттерге.
- Орфандық аурулары бар пациенттерге.
- Амбулаторлық жағдайда медициналық көмек көрсетуге арналған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамаларына сәйкес көрсеткіштер бойынша.
- Эпидемиялық көрсекіштер бойынша беріледі.
Алғаш рет жеңілдікті препараттарды алу үшін учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылу керек.
«Д» есебінде тұратын пациенттер препараттарды:
- Учаскелік дәрігердің қабылдауына барып.
- Онлайн кеңес беруге жазылып ала алады
Тегін дәрілік заттарды алудың 3 қадамы:
- Емханаға тіркелу.
- Диспансерлік есепке қою үшін учаскелік дәрігерге жүгіну.
- Препаратты дәріханада алу.