Балалар отриноларингологы
ПРОЙТИ ОПРОС

Балалар отриноларингологы

Оториноларингология – бұл, құлақ, тамақ және мұрынның ауруларын емдеп, сауықтыратын диагностика жасайтын медициналық сала.

ЛОР -мүшелерінің аурулары-дәл солай, балалардың алғашқы өмір сүру жылдарының таралған жағдайы.
Көбінесе сәби ауырып тұрған жерін көрсетіп, түсіндіре алмайды, осы жағдай дәрігердің жұмысын қиындатады. Аурудың себебін уақытында табу өте маңызды, өйткені ЛОР-ауруы асқынуымен қауіпті. Аяғына дейін емделмеген аурулар созылмалы болып, басқа мүшелерге жаман әсерін тигізе бастайды. Сондықтан ЛОР-дәрігерлер балаларды жыл сайын дәрігерге көрсетіп тұруды ұсынады, жиі суық тиіп қалған жағдайлар да дәрігерге бару себебі болу қажет.
ЛОР-дәрігер мынадай аурулардың диагностикасын жасап емдейді:
  • Созылмалы ринит (тұмау)
  • Аденоидит
  • Полиптар
  • Синуситтар: гайморит, фронтит
  • Ангина
  • Созылмалы тонзиллит
  • Фарингит
  • Ларингит
  • Естудің төмендеуі
  • Отит  
Құлақ, мұрын, көмей және жұтқыншақ өзара тығыз байланысты, сондықтан бір мүше жұмысының бұзылуы басқаларының ауруына апарады.
«Жемчужина Стомед» Медициналық Орталығында диагностика мен емдеудің арнайы әдістері бар:
  • ЛОР-комбайн
  • Ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулер
  • Жұтқыншақтан немесе мұрынна түрлі бактерияларға жағулар алу.
  • Бронхоскопия
  • Физиокабинет
Қажеттілігі болса жоғары білікті маман дәрігер 15-жасқа дейінгі балалардың хирургиялық емдеуін өткізеді.
«Жемчужина Стомед» Медициналық Орталығындағы ЛОР-операцияларының түрлері:
  • Аденоидтарды жою
  • Көмекей бездерін жою
  • Синуситтар (гаймориттар) және ауыз қуысындағы сарысулы ісіктің бар болуындағы операциялар
  • Мұрын ішіндегі, мұрын қуыстарындағы полиптарды жою

Cырқаттарды емдеу
Созылмалы тонзиллит

Созылмалы тонзиллит-таңдай бездерінің созылмалы қабынуы.

Белгілер
  • Тамақ ауданындағы сыздауды сезіну
  • Ауыз қуысынан жағымсыз иіс
  • Тамаққа тас тұрғандай сезім
  • Бастың ауыруы
  • Құлақ ішіндегі жағымсыздық, ақырын сыздауды сезіну. 
  • Лимфо түйіндерінің үлкеюі
  • Жиі ангиналар
  • Дененің кішкене қызуымен ұзақ уақыттық күй
  • Әлсіздік
  • Еңбекке төмен қабілеттілік
Себептер
  • Инфекциялық аурулар (аденоидтар, гаймориттар, ангиналар және т.б.)
  • Мұрын қоршауларының майысуы
  • Мұрын ішіндегі полиптар және тағы басқалары
  • Иммунитеттің төмендеуі
  • Аллергиялық күй
X
Аденоидит

Аденоидит көмекей бездерінің ауданында пайда болатын қабыну, қабыну жүрісі инфекциялық-аллергиялық мінездемелі.

Белгілер
  • Мұрын көмекейінен сұйық-ірің сұйықтығының шығуы
  • Мұрынмен демалған кезіндегі жайсыздық
  • Дене температурасы 38 °С жоғары көтерілу
  • Ұйқышылдық
  • Бастың ауруы
  • Тәбеттің төмендеуі
  • Ұстама тәрізді ылғал жөтел
  • Ұйқы уақытындағы қорылдау
  • Жұтқыншақтың ісінсуі
  • Лимфо түйіндердің үлкеюі
Себептер Аса салқынға тию
  • Аллергиялар
  • Экологиялық орта (мысалға, дақталған және құрғақ ауалы ауданда ұзақ уақыт болу және т.б.)
  • Диатездар
  • Бірқалыпты және әсіресе ұнды тағамдармен тамақтану
  • Жасанды тамақтандыру
  • Рахит (ағза ішіндегі D дәруменінің дефицитінде)
X
Ангина

Ангина- түрлі ірің тәрізді микробтардың түрлерінен пайда болған инфекциялық ауру.

Белгілер
  • Дене қызу 39 °С- қа дейін және одан жоғары көтерілуі
  • Тұла бойдың әлсіздігі
  • Бастың ауыруы
  • Қалтырау
  • Дірілдеу
  • Тәбеттің болмауы
  • Бездердің қабынуы (кейбір кездерде олардың үстінде ақ тұнба немесе ірің болуы мүмкін)
  • Тамақтың ауыруы және қызаруы
  • Лимфа түйіндері қабынып, пішіндері үлкейеді (сыздайды)
Себептер
  • Жалпы немесе тұрақты салқынға тию
  • Ауру адаммен тығыз байланыс
  • Бастан кешкен вирустық аурулар (ОРВИ, тұмау, гайморит, синусит, отит)
  • Иммуниттің төмендеуі
  • Теңдестірілмеген тамақтану
X