Протездеу

Бүгінгі таңда әрқайсымыз кез келген жаста өзімізге әдемі күлкі сыйлай аламыз. Тіпті тістер толық болмағанда да, жоғарғы және төменгі жақ сүйектерін қалпына келтіруге болады, ол арқылы сіз ұялмай сөйлесе аласыз, тамақ жей аласыз және әрбір жаңа күнге қуанасыз.

 

Стоматологиялық орталық жұмысының басым бағыттарының бірі – тіс протездеу. Әрбір пациент үшін тәжірибелі ортопедтеріміз ол ұзақ жылдар бойы өзін жайлы және сенімді сезінуі үшін оңтайлы ортопедиялық емдеу нұсқасын таңдайды.

Протездеу түрлері

Біздің стоматологиялық орталықта сіз әртүрлі ортопедиялық емдеу түрлерін ала аласыз:

Алынбайтын:

  1. металл керамикалық тіс қаптамасы мен көпір тәрізді протездер;
  2. престелген керамика;
  3. винирлер, қойындылар, қаптамалар;
  4. тұтас құйылған металл тіс қаптамалар және көпір тәрізді протездер;
  5. импланттардағы протездеу;
  6. цирконий диоксиді негізінде жасалған тіс қаптамалар

 

Алмалы- салмалы:

  1. Нейлонды алмалы-салмалы протездер;
  2. Импланттардағы алмалы-салмалы протездеу;
  3. Акрилді алмалы-салмалы протездер;
  4. Термопластикалық алмалы-салмалы протездер;
  5. Бюгелді алмалы-салмалы протездер

 

Алынбайтын протездеу

Біздің клиникаларда протездеу бойынша қызметтердің толық тізімі ұсынылған:

  • Микропротездеу. Винирлердің арқасында күлкі эстетикасын сақтай отырып, тісті қалпына келтіруге болады. Көбінесе оларды алдыңғы тістерге орнатады, бұл түсті жақсартуға, пішінді өзгертуге мүмкіндік береді. Винирлер алдыңғы тіс бірліктерінің тұтастығын сақтауға көмектеседі.
  • Ортопедиялық тіс қаптамаларды орнату. Тіс қаптамаларының көмегімен бұзылған тіс қатарының көп бөлігін қалпына келтіруге болады. Бұл әдіс тіс қаптамасының бөлігін пломбалау мүмкін болмаған жағдайда қолданылады, бірақ түбірі бүтін болып қалады.
  • Көпір тәрізді протез. Екі немесе одан да көп тістер қатарынан болмаған кезде орнатылады. Тірек тістерге бекітілетін арнайы құрылымның көмегімен бірнеше бірліктер (тіс қаптамалар) бір-біріне қосылады.

 

Импланттарда протездеу

Егер сүйек тінінің көлемі жеткілікті болса, пациентке тіс қаптамасы үшін тәуелсіз тірек болатын имплант орнатылуы мүмкін. Бірнеше тіс болмаған жағдайда, бірнеше имплант орнатылады, бұл кейіннен импланттарға тірелген көпір тәрізді протез жасауға мүмкіндік береді.
Әдістің бірегейлігі – сіздің тістеріңіз бүтін және зақымдалмаған күйде қалады. Сондай-ақ тістеріңіз мүлдем болмаған жағдайда импланттарда алмалы-салмалы протездеу жасалады.

 

Алмалы-салмалы протездеу

Алмалы-салмалы протездермен протездеу – бұл тістердің функционалдығын қалпына келтіруге, сонымен қатар тіс қатарының эстетикалық кемшіліктерін жоюға мүмкіндік беретін әдіс. Мұндай әдіс алынбайтын протездеу мүмкін емес жағдайларда қолданылады. Процестің өзі тіс құрылымдарын орнатуды қамтиды, егер қаласаңыз және қажет болса, оларды біреудің көмегінсіз алып шешуге болады.

Алмалы-салмалы протездердің бірнеше түрі бар:

  • Бюлгелді – негізін металл қаңқа құрайтын құрылым. Оның үстіне жасанды тістері бар пластмасса немесе нейлонды базис бекітіледі. Жиі бюгелді металл кламмерлерден жасалған бекіту жүйесімен толықтырады.
  • Пластинкалық – ұқсас құрылымдар акрил, нейлоннан жасалады. Олар толығымен тістер немесе шеткі ақаулар болмаған жағдайда қолданылады.

 

Протездеу қалай өтеді

Тістерді сапалы протездеу үшін стоматолог-ортопедке бірнеше рет бару қажет болады.

  1. Алғашқы барған кезде маман проблеманы шешудің ең тиімді және ыңғайлы жолдарын ұсыну үшін сіздің тіс-жақ сүйек жүйеңізді тексереді.
  2. Тексеруден кейін тіс-жақ сүйек жүйесі құрылымының ерекшеліктерін, сүйек тінінің көлемін және басқаларды анықтау үшін диагностика жүргізіледі. Пациентпен емдеу жоспары талқыланады және келісіледі.
  3. Таңдалған емдеу әдісі бойынша қарсы көрсетілімдер болмаса және пациент бәріне қанағаттанса, протезді орнатуға дайындық басталады: тісжегіні емдеу, тіс шөгінділерін алып тастау, қалпына келтіруге болмайтын тістерді жұлу.