Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

Жеңілдікті негізде препараттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ – 75 бұйрығына сәйкес беріледі.

 

Препараттар:

  1. Әлеуметтік маңызы бар аурулары бар пациенттерге.
  2. Диспансерлік есепте тұрған пациенттерге.
  3. Орфандық аурулары бар пациенттерге.
  4. Амбулаторлық жағдайда медициналық көмек көрсетуге арналған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамаларына сәйкес көрсеткіштер бойынша.
  5. Эпидемиялық көрсекіштер бойынша беріледі.

Алғаш рет жеңілдікті препараттарды алу үшін учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылу керек.

 

«Д» есебінде тұратын пациенттер препараттарды:

  1. Учаскелік дәрігердің қабылдауына барып.
  2. Онлайн кеңес беруге жазылып ала алады

 

Тегін дәрілік заттарды алудың 3 қадамы:

  1. Емханаға тіркелу.
  2. Диспансерлік есепке қою үшін учаскелік дәрігерге жүгіну.
  3. Препаратты дәріханада алу.